Жаңалықтар

Энергетика министрлігі ЖЭО жаңғырту кезінде энергокомпанияларға жағдай жасамақ

Энергетика министрлігі энергетикалық компаниялардың электр станцияларын жаңғырту бағдарламалары бойынша инвестициялық рәсімін жеңілдететін түзетулер жобасын дайындады.

Түзетулер қабылданғаннан кейін Энергетика министрлігімен инвестициялық келісімдер жасасуды жоспарлап отырған энергокомпаниялар инвестициялық жобаларды нарық Кеңесінің қарауына жыл бойы енгізе алады. Ал Қағидалардың қолданыстағы нұсқасын тек 1 ақпанға дейін енгізуге рұқсат беріледі.

Түзетулер «инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде дайындалды. Генерациялайтын қуаттарды жаңғыртудың инвестициялық жобаларын енгізу және келісу мерзімдерін жою инвестициялық келісімдер жасасу рәсімін жеңілдетеді. Сондай-ақ, түзетулер энергетикалық компанияларға жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге, оның ішінде жылыту маусымына дайындалуға мүмкіндік береді, деп есептейді Энергетика министрлігі.

Бағдарлама энергокомпанияларға мемлекет тарапынан, оның ішінде тарифтерді көтеру бойынша қарсы міндеттемелер беру арқылы салаға жыл сайын 400 млрд теңгеге дейін инвестиция тартуға арналған. Бағдарламаның мақсаты 2035 жылға қарай өндіруші қуаттардың тозуын 15% – ға дейін төмендету.