Маусым айында жеке тұлғаларға берілген несие сомасы 1,2 трлн теңгені құрады

Жарияланды

Фото: kursiv.media

2023 жылдың маусымындағы көрсеткіштерге сенсек, жеке тұлғаларға берілген несие сомасы 1,2 трлн теңгені құраған. Бұл жайлы DataHub телеграм арнасы жазды.

Жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы сомасы 1,2 трлн теңге болса, берілген тұтынушылық кепілсіз несиелердің көлемі 800 миллиард теңгеден асқан. Екі көрсеткіш те рекорд саналады. Рекордтық көрсеткіштерге жеткен тағы бір нарық автонесиелеу нарығы. Мұндағы несие көлемі 130 миллиард теңгеден асқан. Сарапшы мұндай жағдай бұрын соңды болмағанын айтады.

Ал бір ай ішінде 2,5 миллионға жуық адам жаңа несие алуға өтініш білдірген. Мұндай үлкен көрсеткіш 2022 жылдың қарашасында ғана тіркелген. Ол кезде несие алған адамдар 1-2 мыңға көбірек болған.

Жағымды жағы – ипотекалық несиелердің орташа мөлшері төмен болған. Маусым айында ол 15,4 млн теңгені құраған.ды. Бір жылдағы көрсеткіштердің ең төменгі мәні жалпы жылжымайтын мүлік нарығындағы динамиканы бағалауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз