Тesla қауіпсіздік белбеулеріндегі ақауға байланысты 16 мыңға жуық көлікті кері қайтарып алды

Жарияланды
tesla
Фото: Pixabay

Америкалық Tesla компаниясы қауіпсіздік белбеулерін3ң ақауына байланысты 16 мыңға жуық электр көлігін кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды Интерфакс, АҚШ Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасына сілтеме жасап.

Негізінен 2021-2023 жылдары шыққан Model S және Model X көліктері қайтарылып жатыр. Бұл көілктердің қауіпсіздік белдіктері дұрыс бекітілмегендіктен, босап кетуі мүмкін екендігі айтылады.

«Егер қауіпсіздік белдігі ажыратылса, жолаушы апат болған жағдайда дұрыс бекітілмеуі мүмкін, бұл жарақат алу қаупін арттырады», делінген хабарламада.

Тексеріс барысында алдыңғы орындық белдіктерінде ақау бар екені анықталған. Кері қайтарып алу науқаны аясында Tesla компаниясы қауіпсіздік белдіктерін тексеріп, қажет болған жағдайда оларды тегін ауыстырып береді.

Сондай-ақ оқыңыз