БҰҰ Ресей мен Украинаның ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға мүдделі
Біріккен ұлттар ұйымы Ресей мен Украинаның азық-түлік өнімдері мен тыңайтқыштарының әлемдік нарықтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жанжақты келіссөздер жүргізеді, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.
Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитс мәлім етті.
«БҰҰ ресейлік және украиналық тыңайтқыштар мен азық-түлікті әлемдік нарыққа шығару үшін барлық мүдделі тараптармен жұмысты жалғастырады. Бұл тапсырманы орындау үшін халықаралық қауымдастықтың және осы Қауіпсіздік кеңесінің біртұтас қолдауы қажет», – деді БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары.
Еске сала кетсек, 17 шілдеде Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова ресейлік тарап Анкараға, Киевке және БҰҰ-ға «астық келісімін» ұзартуға қарсылықтарын жібергенін хабарлады.
Қара теңіз бастамасына 2022 жылдың 22 шілдесінде Стамбұлда қол қойылған. БҰҰ, Ресей, Түркия және Украинаның қатысуымен екі құжатқа қабылданған. Біріншісі Украинаның үш портынан (Черноморск, Одесса және Южный) астық экспорттау дәлізін құру. Келесісі ресейлік азық-түлік пен тыңайтқыштарды экспорттаудағы кедергілерді жою туралы. Бастама 2022 жылдың қарашасында 120 күнге, наурызға дейін, содан кейін тағы екі рет екі айға ұзартылды. Келісім мерзімі 17 шілдеде аяқталды.