Жаңалықтар

Қазақстанда ірі тауарлар мен қызмет көрсету бағалары 5 жыл ішінде қалай өзгерді?

Ұлттық статистика Бюросының мәліметтері бойынша, 2023 жылдың маусым айында азық-түлік тауарларының бағасы – 14,6%, ал азық-түлік емес таурларының бағасы – 15,8%, ақылы қызмет көрсету бағалары 13,3%-ға өскен. Бұл жағдайда, орташа еңбекақы былтырғымен салыстырғанда, 27%-ға артыпты. Осы орайда Freedom Life ӨСК талдаушылары инфляция барысында орташа еңбекақының қаншалықты өзгергенін және бұл жағдайда жеке бюджетке ауыртпалық салмай, ірі сатып алулар жасау үшін, қалай ақша жинауға болатынын таразылап көрді.

Зерттеу кезінде мамандар елімізде соңғы бес жыл ішінде, орташа еңбекақы жыл сайын 15%-ға, ал инфляция сол кезең ішінде орташа алғанда 10%-ға өсетінін анықтады.

5 жыл ішінде, орташа еңбекақының және инфляцияның өзгеруі

ЖылОрташа еңбекақы, теңгеҚаншалықты ұлғайды, кемідіИнфляция деңгейі
Маусым, 2019177 900+8%5,4%
Маусым 2020196 900+10%7%
Маусым 2021242 500+23%7,9%
Маусым 2022285 400+17%14,5%
Маусым 2023340 600+19%14,6%

Ресми көрсеткіштер бойынша, орташа еңбекақының деңгейі инфляциядан тек бірнеше пайыз асып тұр. Тек 2021 жылы орташа еңбекақы мен инфляция айырмашылығы тым алшақтап кеткен. Бұл COVID-19 пандемиясынан кейінгі нарықтың қайта қалпына келуімен байланысты болды. Сол жылы шетелде демалу құны өскен жоқ (2020 жылмен салыстырғанда), ал колледж және жоғары оқу орнында қашықтықта оқу студенттер үшін арзанға түсті (оффлайн режимінде білім алудан төмен бағамен).

«Егер ірі сатып алулар туралы айтатын болсақ, нарықтағы бастапқы тұрғын үйлердің құны 9-16%-ға дейін өсуде, жаңа автомашиналар, орташа алғанда –  11-15%, смартфондар – 12%, шетелде демалу – 14%, отандық және шетел оқу орындарында білім алу құны 13-18%-ға дейін қымбаттауда», делінеді шолуда.

5 жыл ішінде, ірі тауарлар мен қызмет көрсетудің орташа бағаларының өзгеруі

Тауар және қызмет көрсету2019 жылдағы құны, теңге2023 жылдағы құны, теңгеБағалар қаншалықты өсті
Жылжымайтын мүлік (жаңа құрылыс)/ш.м.267 000486 00082%
Жаңа автомобиль8 500 00013 500 00059%
Смартфон112 000183 00063%
Шетелде демалу, 7 күн бір адам304 000420 00038%
ҚР ЖОО білім алу/1 жыл396 000706 00078%

Еңбекақысы орташа адамдар ірі сатып алу жасау, балаларының оқуына төлеу және шетелде демалу мүмкіншіліктерін пайдалану үшін, бірнеше тиімді қаржы құралдары бар.

Ең танымалы:

Банктік депозиттер;

Бағалы қағаздарға қаржыландыру;

Өмірді жинақтаушы сақтандыру.

Аталған құралдардың көмегімен:

Қорланым жинауға;

Капиталды құнсызданудан сақтап қалуға;

Инфляциядан қорғауға;

Қосымша табыс ретінде пайдалануға болады.

Банктік депозиттері – бір айдан 3 жылға дейін, қысқамерзімді салымдар үшін қолайлы құрал. Егер қаражатты пайызын жоғалтпай шешіп алу мүмкіншілігі бар болса резервті капитал ретінде пайдалану мүмкіндігі бар. Депозит ережелері көптеген банктерде біркелкі, ал жылдық ставкалары, орташа алғанда, 13%-ды құрайды. 10 миллион теңгеге дейінгі салымдарға Қазақстандық Депозиттер кепілдігі Қоры кепілдік береді.

Бағалы қағаздар (акциялар және облигациялар) да қазақстандық инвесторлардың қызығушылығын туғызады. Ірі әлемдік және отандық акциялар құнының өсуі және дивидендтері арқылы пайда табуға мүмкіндік береді. Облигациялар нақты табыс түсіреді.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) сақтандыру мен қаржыландыруды бірмезгілде қамтиды. ӨЖС бағдарламасы бойынша шарт жасасу барысында клиент өзінің денсаулығын, өмірін күтпеген жағдайлардан сақтандыру, сонымен қатар, сыйақысының жылдық ставкасы жоғары ақша жинақтап алу мүмкіншілігі бар. Мысалы, Freedom Capital бағдарламасы бойынша ол доллармен 4%-ға дейін және еврода 2,2%-ға дейін.