Қытай Ирактың мұнай нарығындағы позициясын нығайта бастады

Жарияланды

Қытай Ирактың мұнай нарығындағы позициясын нығайта бастады, деп хабарлайды Eadaily агенттігі.

19 шілдеде Қытайдың Zhongman Petroleum and Natural Gas Group Corporation (ZPEC) компаниясы Ирактың Basra Energy Company Limited (BECL) компаниясымен Румайла кен орнын игеру және бұрғылау бойынша келісімшартқа қол қойылды.

Мәміле құны шамамен 390 млн долларды құрайды және ол 4,5 жылға жалғасады деп күтілуде.

Сонымен қатар келісімшарт 2024 және 2028 жылдар аралығында компанияның бизнесіне айтарлықтай әсер етеді деп болжануда.

Айта кететіні, Румайла Ирактың оңтүстік бөлігінде, Басра қаласына жақын жерде орналасқан аталған елдегі ең үлкен мұнай кен орны. Ол Парсы шығанағы мұнай және газ бассейніне жатады. Кен орны 1953 жылы табылған. Бүгінде Румайланың геологиялық қоры 5,4 млрд тоннаға бағаланып отыр.

Еске сала кетсек, Ирак 1972 жылдан бастап шетелдік компаниялармен мұнай кен орындарын игеру бойынша бірде-бір келісім шартқа қол қоймаған. Арада 37 жыл өткен соң алғашқы шарт 2009 жылдың қарашасында британдық BP және Қытайдың ең ірі мемлекеттік мұнай компаниясы CNPC арасында жасалды. Сол тұста елдің оңтүстігіндегі Румайла кен орнын одан әрі игеру үшін үш жақты консорциум құрылған. Ол Ирактағы жалпы мұнай өндірісінің 40%-ын құрайтын. Консорциумға қатысушылар ондағы мұнай өндіруді үш есеге жуық арттыруды жоспарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз