Елімізде жаңа туристік орындардың саны артты
Енді Қазақстан бойынша саяхатқа шығуға болатын жаңа туристік орындардың тізімі бекітіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелді.
Қазақстан бойынша туристік аумақтар қатарына мына орындар енгізіледі:
– Абай облысының «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
– Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауы;
– Шығыс Қазақстан облысының «Катон-қарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
– Балқаш, Приозерск қалаларын қоса алғанда, Қарағанды облысының Балхаш көлінің жағалауы;
– Жетісу облысының «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
– Жетісу облысындағы Балқаш көлінің жағалауы;
– Жетісу облысының «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
– Жетісу облысындағы Алакөл көлінің жағалау;
– Абай облысындағы Шошқалы көлінің курорттық аймағы;
– Абай облысындағы «Абай-Шәкәрім» кесенелер кешені;
– Абай облысындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы;
– Ақтөбе облысындағы «Қарғалы» су қоймасының курорттық аймағы;
– Ақтөбе облысындағы «Ақтолағай» тау жотасы;
– Ақтөбе облысындағы «Барқын» құмдары;
– Ақтөбе облысындағы «Аққұм» құмдары;
– Ақтөбе облысындағы «Қасқыр» сарқырамасы;
– Жетісу облысындағы Текелі қаласы
– Қызылорда облысындағы «Ханқожа» көлі;
– Қызылорда облысындағы «Қорқыт ата» кесенесі;
– Қызылорда облысындағы «Қамысты» көлінің курорттық аймағы;
– Қызылорда облысындағы Жаңақорған балшық курорттары;
– Түркістан облысындағы Үкаша ата кесенесі мен құдығы;
– Түркістан облысындағы Бәйдібек ата кесенесі;
– Түркістан облысындағы Домалақ ана кесенесі;
– Түркістан облысындағы Қос ана кесенесі;
– Түркістан облысындағы Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі;
– Түркістан облысындағы Ысқақ баб кесенесі;
– Түркістан облысындағы Ақбикеш мұнарасы;
– Түркістан облысындағы Шәммәт ишан мешіті;
– Түркістан облысындағыМажратұт мыңжылдық тұт ағашы;
– Түркістан облысындағы Ысқақ баб кесенесі;
– Түркістан облысындағы Кеме қалған монументі;
– Түркістан облысындағы Жылаған ата үңгірі;
– Түркістан облысындағы Келіншектау тау жотасы;
– Түркістан облысындағы Сарыағаш курорттық аймағы;
– Түркістан облысындағы Ақмешіт үңгірі;
– Түркістан облысындағы «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі;
– Түркістан облысындағы Ақсу шатқалы;
– Түркістан облысындағы Келте Машат шатқалы;
– Түркістан облысындағы «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығы;
– Түркістан облысындағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы;
– Ұлытау облысының «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және музей қорығы;
– Ұлытау облысындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені;
– Шымкент қаласындағы «Шым қала» тарихи мәдени-кешені;
– Шымкент қаласындағы Ибрагим ата кесенесі;
– Шымкент қаласындағы «Қарашаш ана» кесенесі;
– Шымкент қаласындағы «Мірәлі баба» кесенесі;
– Шымкент қаласындағы «Хызыр» мұнарасы;
– Шымкент қаласындағы «Абділ Әзіз баб» кесенесі.
Туристік бағыттар тізімін кеңейтуді көздейтін министр бұйрығы 4 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.