25 шілдеден бастап «Шымбұлақ» тау курортының жұмысы қайта жанданады
Осыған дейін, 21 шілдеде Кіші Алматы өзенінің бассейнінде «Шымбұлақ» МК – «Мыңжылқы» бөгеті қара жол учаскесінде сел тасқыны болып, жеңіл автомобильдерге арналған қолдан жасалған автомобиль өтпесі шайылғаны хабарланған еді. Салдарынан Шымбұлақ курорты уақытша жабылған болатын.
Дегенмен, дүйсенбі күні күні түстен кейін «Шымбұлақ» тау курортының баспасөз қызметі курорт жұмысының қалпына келтірілгенін хабарлады.
«25 шілдеден бастап, Шымбұлақ тау курорты қайтадан келушілер үшін ашық екенін қуана хабарлаймыз! Сумен жабдықтау қалпына келтірілді, аспалы жолдар мен барлық инфрақұрылым бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады. Курорт атынан келтірілген қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз, делінген хабарламада.
Өз кезегінде «Қазселденқорғау» ММ-нің Инстаграмдағы әлеуметтік парақшасында селдің салдарынан ешкім зардап шекпегенін, қираулар болмағанын хабарлады.
«ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ бақылау бекеттері жұмыс режиміне ауыстырылды, өзендер деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Сағат 20: 00-де өзендердегі су деңгейі төмендеді, жағдай тұрақталды, өзендердің мониторингі жалғасуда», делінген «Қазселденқорғау» хабарламасында