Алматыда криптовалюта алу желеуімен 20 300 жалған долларды сатпақ болғандар әшкереленді
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жалпы сомасы 20 300 болатын 100 100 долларлық купюраларды сатпақ болғандарды анықтады.
«Алматыда бір топ жеке тұлға криптовалюталарды сатып алу желеуімен жалпы сомасы 20 300 АҚШ доллары болатын жалған долларларды сатуды көздеген», деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.
«Көлік құралын тексеру барысында ұсталғандардың бірінен 3 дана жасанды 100 АҚШ доллары қолма-қол ақша табылып, тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған 2006 және 2017 жылғы үлгідегі жалпы сомасы 20 600 долларын құрайтын банкноттар АҚШ Федералдық резервтік банкі шығарған банкноттарға сәйкес келмейді» делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдіктілерге қатысты «қамау түріндегі» бұлтартпау шарасы санкцияланды.