Енді twitter сайтында әдеттегі көкшіл құстың орнына «икс» әрпі көрініп тұр. Сонымен қатар, Илон Маск өзінің аккаунтындағы профиілінің бейнесін де дәл осылай өзгертті деп жазады, Интерфакс.
Бұған дейін Илон Маск өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Twitter логотипін өзгертетінін айтты, деп хабарлаған еді BBC агенттігі.
«Жақында біз Twitter брендімен және біртіндеп барлық құстармен қош айтысамыз», – деп жазған-ды ол.
Жексенбі күні таңертең жарияланған хабарламада миллиардер X логотипі туралы да жазған болатын
«Егер бүгін кешке жақсы X логотипі ұсынылса, біз оны бүкіл әлемге ертең қол жетімді етеміз», – деп қосты Маск.
Содан кейін миллиардер жанып-өшір тұрған «X» суретін жариялады, ал кейінірек Twitter Spaces аудио чатында Twitter логотипі өзгереді ме деген сұраққа ол «Иә» деп жауап беріп, «бұл баяғыда жасалуы керек еді» деп қосты.
Еске сала кетсек, Маск өткен жылдың қазан айында Twitter-ді сатып алғаннан кейін компания атын X Corp деп өзгертті.
Бұған қатысты Twitter-ден әзірге ешқандай ресми түсініктеме болған жоқ.
Twitter компаниясының сайтында көк түсті құс бейнеленген логотипі желінің ең танымал активі екенін жазылған.
«Сондықтан біз оған өте мұқият қараймыз», – деп жазылған веб-сайтта.
Сәуірде құс қысқа уақытқа Dogecoin криптовалютасының символы болып табылатын ит Шиба Инумен ауыстырылды, бұл ұзақ уақыт болмаса да, осы криптовалюта құнының күрт өсуіне себеп болды.
Жаздың басында Маск Twitter әртүрлі аккаунттардың (ақылы және тегін) пайдаланушылары оқи алатын күнделікті твиттер санын шектейтінін хабарлады.
Бұл пайдаланушылар мен маркетологтардың сынына себеп болды. Сонымен қатар Twitter-дің тікелей бәсекелесі Марк Цукербергтің Meta компаниясы ұсынған Threads желісінің бес күн ішінде 100 миллион жаңа қолданушы жинауына ықпал етті.
Ал өткен сейсенбіде компания бұрынғы қызметкерлеріне кемінде жарты миллиард доллар жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеуі керек деген айыппын Twitter-ге қарсы іс қозғалды. Бұған дейін Маск компанияны сатып алған соң шығындарды азайту үшін қызметкерлердің жартысынан көбін жұмыстан босатқан еді.