
Нидерландтық Royal Philips NV тұтынушылық тауарлар мен медициналық жабдықтарды шығаратын кәсіпорын. Компания екінші тоқсандағы кірісті 7% – ға арттырды. Яғни бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңдегі мезгіл бойынша 4,18 миллиард еуродан 4,47 миллиард еуроға дейін. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Ал есепті кезеңде салыстырмалы сатылымдар 9% – ға өсті.
Операциялық пайда 19 еседен астам артты. Яғни 11 миллион еуродан 221 миллион еуроға дейін.
2023 жылы компания салыстырмалы сатылымдардың 4-6% өсуін күтеді, түзетілген EBITA рентабельділігі 10% – ға жақын деп болжануда.
Дүйсенбіде Амстердам биржасында Royal Philips NV акцияларының бағалары 7%-ға төмендеді. 2023 жылдың басынан бері олардың құны шамамен 44% – ға өсті (19,25 миллиард еуроға дейін).