Тарихта тұңғыш рет мектеп командалары арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Жарияланды
Фото: shutterstock

3-8 тамыз аралығында Ақтау қаласындағы (Қазақстан) Каспий теңізінің жағасында әлемде тұңғыш рет World Schools Team Championship өтеді. Чемпионаттың ерекшелігі сонда, оған шахматты жақсы көретін қарапайым әуесқой мектеп оқушылары қатысады.

Чемпионатты Халықаралық және Қазақстан шахмат федерациялары ұйымдастырады. Шара Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

12 жасқа дейінгі және 18 жасқа дейінгі, екі категория бойынша оқушылар қатысатын чемпионатқа 50 елден 300-ге жуық қатысушы келеді.

Чемпионатта Қазақстанның намысын 6 қаладан 10 мектеп қорғайды:

• IT мектеп-лицейі, Ақтау қ.;

• Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі, Ақтау;

• М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі, Алматы;

• Республикалық физика-математика мектебі, Алматы;

• Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;

• №72 мектеп-лицейі, Астана қаласы;

• Республикалық физика-математика мектебі, Астана қ.;

• Атырау облыстық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты;

• Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі, Павлодар қ.;

• О.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі, Шымкент қ.

Командалардың тиімді дайындығы үшін Қазақстан шахмат федерациясы Чемпионат қарсаңында Бурабайда оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырады. Турнирдің негізгі ресми бөлімінен басқа, қонақтар үшін экскурсиялық және ойын-сауық бағдарламасы дайындалды.

Чемпионаттың бас серіктесі және басты демеуші «Freedom Holding Corp».

Сондай-ақ оқыңыз