Жанармайдың цифрлық картасын Freedom Bank сайтында электрондық әмиянға қосуға болады
Қазақстандықтарға жанармай алуға арналған цифрлық картаны Freedom Bank сайтында Apple мен Google электрондық әмияндарына қосуға мүмкіндік берілді. Сол арқылы дизельдік отынды сараланған бағамен, яғни 1 литр үшін 295 теңгеге сатып алуға болады. Ол үшін банктің клиенті болу міндетті емес, қызметті кез келген адам пайдалана алады.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Құжат жүргізуші куәлігі бар барлық қазақстандықтар үшін қандай да бір қосымшаларды ашпай-ақ, бір рет басу арқылы қолжетімді.
Жанармай алуға арналған цифрлық картаны тек жеңіл автокөлік жүргізушілері ала алады. Сонымен қатар, eGov mobile мобильді қосымшасында алдын ала авторизациядан өткен жүк көлігінің иелері де пайдалана алады.
«Сондай-ақ аталған картаны банктің сайтында алған кезде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және техникалық төлқұжат электрондық әмиянға автоматты түрде қосылады. Бұл цифрлық құжаттар Қазақстан аумағында құжаттың ресми түрі болып табылады және қағаз нұсқасымен қатар қолданылады», делінген хабарламада.
ҚР Энергетика министрлігі ескертеді: мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрыққа сәйкес, Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынын 295 теңгеден күніне 100 литр көлемде алуға болады. Қазақстанда тіркелген куәлікті көрсеткен кезде жүк, арнайы, мамандандырылған көліктер мен автобустар үшін 295 теңгеден бекітілген тәуліктік лимит 300 литр. Қалған санаттағы адамдарға, сондай-ақ көрсетілген лимиттерден жоғары дизель отыны 1 литр үшін 450 теңгеден босатылады.
Ал, Freedom Bank сайтында Apple мен Google электрондық әмияндарына қосылған цифрлық жанармай картасын арқылы жүргізуші куәлігін және/немесе көлік құралын тіркеу куәлігін көрсетпей-ақ, дизельдік отынды литріне 295 теңгеден сатып алуға болады.