Жаңалықтар

Adidas-тың II тоқсанда кірісі 5%-ға қысқарды

Әлемдегі екінші ірі спорт тауарларын өндіруші неміс adidas AG екінші тоқсанда кірісті жылдық 5% – ға қысқартты. Яғни 5,34 миллиард еуроға дейін. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Операциялық пайда сәуір-маусым айларында бір жыл бұрынғы 392 миллион еуродан 176 миллионға дейін төмендеді.

Аdidas AG басшылығы Yeezy брендінің қалған кроссовкаларының бұрын жарияланған сатылымының оң әсерін атап өтті. Компания өткен жылдың қазан айында музыкант Канье Уэстпен бірлесіп құрылған брендтің өнімдерін сатуды тоқтатты және антисемиттік мәлімдемелеріне байланысты Уэстпен серіктестік келісімін бұзды.

Adidas акциялары сейсенбіде Франкфурттағы сауда-саттықта 4% – ға қымбаттады. Компанияның нарықтық құны жыл басынан бері 42,6% – ға өсіп, 29,4 миллиард еуроға жетті.