Ұлттық банк өткен жарты жылдықтағы қолма-қол шетел валютасын сату мен сатып алудың статистикасын жариялады.
Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының дерегінше, бұл статистикаға сәйкес, осы мерзім арылығында қазақстандықтар тарапынан долларға деген сұраныс 1/4 азайған.
Ұлттық банктің дерегінше, 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында айырбастау пункттерінде АҚШ валютасын нетто сатып алу 656,9 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрын көрсеткіш 882,5 млрд теңгені құраған. Көрсеткіш жыл ішінде 25.6%-ды құрады.
Өңірлер бөлінісінде Алматы қаласында сұраныс өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық төмендеген. 2022 жылы 327 млрд теңге болса, биыл 171,7 млрд теңгені құрады. Батыс Қазақстанда да екі еседен аса қысқарған, 2022 жылы – 44 млрд теңге, 2023 жылы 20,8 млрд теңге. Қостанай, Павлодар облыстарында да жарты жылда бұл мән екі есеге жуық құлдыраған.
Астана қаласында өсім көрсетіпті, Қызылордада өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге жуық сұраныс артқан, Түркістан облысында өткен жылдың алғашқы жарты жылдығында 25 млрд теңгеге доллар сатып алынса, биылғы жартыжылдықта 35,3 млрд теңге жұмсалыпты.
Ал, биылғы жарты жылдықта қазақстандықтар рубльді сатып алудан гөрі, көбірек сатқан. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айырмашылық 8,6 млрд теңгені құрайды. 2022 жылдың алғашқы жарты жылдығында 256,2 млрд теңге болған.
Жалпы, еліміздің барлық өңірінде рубльге деген сұраныс азайған. Көш басында Астана қаласы тұр. Өткен жылдың алғашқы алты айында сұраныс 38,7 млрд теңге болса, биыл астаналықтар рубль сатып алуға 5,7 млрд теңге жұмсаған. Алматыда өткен жылмен салыстырғандағы айырмашылық 4 млрд теңгені құрады. Шығыс Қазақстан облысында 35,1 млрд теңгеден 6,7 млрд теңгеге дейін қысқарған.
Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының атап өтуінше, Шығыс Қазақстан облысы рубльге сұраныс бойынша алғашқы орындағы өңір болса, Алматыда керісінше рубльді сатушылар көп.
Ел бойынша рубль ең жоғары сұранысқа ие үш өңір: Шығыс Қазақстан, Ақмола және Жетісу облыстары.
Еуроға деген сұраныс та біршама қысқарды: 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында 141,6 млрд теңге болса, биыл 6 айда 127,8 млрд теңге.
Нетто-сату Астанада едәуір төмендеді: 24,7 млрд теңгеден 16,5 млрд теңгеге дейін; БҚО 108 млрд теңгеден 3,7 млрд теңгеге дейін. Ал, Шымкентте керісінше 16,1 млрд теңгеден 25,7 млрд теңгеге дейін ұлғайған.