Фото: kursiv.media
Елімізде сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі енгізіледі. ҚНРДА бектікен құжат «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр.
Қаулы жобасына сәйкес сақтандыру жағдайларын реттеудің оңайлатылған тәртібі мен шарттары енгізіледі. Сонымен бірге мерзімдері де өзгеріп, әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшері бекітіледі.
«Сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібімен «Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі» туралы декларацияның нысандары және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді ресімдеуге қойылатын талаптар, сақтандырушының Көлік құралдарын қарап шығу және сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері айқындалады», делінген құжатта.
Құжат 7 тамызға дейін талықлауда болады. Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі