Жаңалықтар

Өзбекстан халқының саны 36,3 млн адамнан асты

Өзбекстан халқының саны 36 млн 372,3 мың адамды құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға өсті, деп хабарлайды Өзбекстанның статистика агенттігі.

Халықтың жалпы санынан қалаларда 18 млн 557,5 мың адам, ал ауылдық жерлерде-17 млн 815,8 мың адам тұрады.

Әйелдер саны 18 066,0 мың, ал ерлер саны — 18 306,3 мың.

Сарапшылардың пікірінше, Өзбекстан халқы 2035 жылға қарай 45 миллионға дейін өседі.