Оралда 2 жасар қыз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап, мерт болды

Жарияланды

Оқиға 21 шілде күні сағат 20:00 шамасында Деркөл ауылында болды. Абылайхан көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласындағы көше дәретханасынан Ә. есімді кәмелетке толмаған 2021 жылғы қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы polisia.kz телеграм каналына хабарлады.

Ол үйінің ауласында ойнап жүргенде ауладағы дәретхананың шұңқырына құлаған.

Қыздың дәретханаға құлап кеткенін көрген ойнап жүрген балалар дереу ата-анасына хабарлаған. Оқиға орнына жедел- жәрдем келгенімен, қыз бала жан тәсілім еткен. Оқиға орын алардан бұрын қыз бала қараусыз қалған.

Аталған факт СДБТ-ға жазатайым оқиға ретінде тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыз