Жаңалықтар

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да ауыл шаруашылық жануарларына арналған дайын жем шығарылады

«Azzira’at Nurbak» ЖШС АЭА қатысушысы мәртебесін алды және құны 414 миллион теңге болатын жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба өкілдері құрылыс жұмыстарын 8 ай ішінде жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Кәсіпорын кептірілген жоңышқаны түйіршікте және бумада өндіретін болады. Бұршақ тұқымдас шөптерден алынған түйіршіктер (жоңышқа) – ұсақталған шөптен дайындалады. Бұл өсімдік жамылғысының ерте кезеңдерінде жиналған, кептірілген және кейіннен түйіршіктелген мал азығына арналған табиғи ақуызды-витаминді қоспа.

Шөпті түйіршіктер – жануарлар мен құстардың барлық түрлеріне арналған витамин және минералды заттардың қайнар көзі. Құрамында дәрумендер, аминқышқылдары, макро және микроэлементтер барлық түрлері кездеседі.

Бұл жобаны іске асыру Панфилов ауданындағы жақын елді мекендердің тұрғындарын жұмыспен қамтуға оң әсер етеді. Жоба аясында 26 жұмыс орнын құру жоспарлануда.