Telegram қосымшасындағы SalyqBot банк шоттарын бұғаттан шығаруға көмектеседі

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Халыққа жедел көмек көрсету мақсатында Telegram қосымшасында @Salyqbot сілтемесі арқылы жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша түсініктемелер алу үшін жаңа сервис әзірленді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

«SalyqBot көмегімен азаматтер салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде біле алады. Көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеп, салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын анықтай алады. Сонымен бірге өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалану, түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға да болады, делінген хабарламада.

Ботқа тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламалар мен пайдалы жаңалықтарды алып отыруға болады.

Сондай-ақ бот банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға ыңғайлы. Ал заңды тұлғаларға төленген сомалар туралы мәліметтер алу мүмкіндігі қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз