Тоқаев жарлыққа қол қойды: Мемлекеттік күзет қызметі Назарбаевты қауіпсіздігіне жауапты емес
Мемлекеттік күзет қызметі тамыз айының басынан бастап тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауапты болмайды. Тиісті Жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Жарлыққа Президент тарапынан 17 шілде күні қол қойылған.
Жарлық ресми жарияланғаннан кейін, 10 күн өткен соң күшіне енеді. Құжат номативті-құқықтық актілер банкінде 24-шілде күні жарияланған.
Бұған дейін жазғанымыздай, Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің жаңа редакциясына берілген түсіндірме жазбада, мұндай өзгеріске – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылуы себеп болғаны айтылған.
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Президенттің жарлығында:
«Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын», делінген.