Елімізде электронды тәсілмен микрокредит беру кезінде биометриялық идентификаттау талап етіледі

Жарияланды
Фото: shutterstock

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі электронды тәсірмен микрокредит беру талаптарына өзгеріс енгізеді. «Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қаулысы жария талқылауға шықты.

Құжатқа сәйкес, микроқаржы ұйымдары микрокредиттер беруді автоматтандыратын ақпараттық жүйені қолдануы тиіс. Сонымен қатар, осы ақпараттық жүйе арқылы клиенттер биометрикалық идентификаттаудан өтуі тиіс

«Клиентті жеке кабинетте тіркеу Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген бірдейлендірудің кемінде екі әдісін қолдана отырып жүзеге асырылады, олардың бірі биометриялық идентификаттау болып табылады», делінген құжатта.

Ондағы мақсат микрокредитті алаяқтық жолмен ресімдеу мүмкіндігін төмендету.

«Қарыз алушыға электрондық құжаттың дұрыстығы мен тиесілігін растау және тиісінше алаяқтық жолмен ресімделген микрокредит сомасын бөгде тұлғалардың шоттарына аудару мүмкіндігін болдырмау үшін қосымша қорғау шарасын енгізу қажет» делінген Қаулының түсіндірме жазбасында. Қаулы 8 тамызға дейін жария талқылауда болады.

Бұған дейін, елімізде ұялы операторлар операторлары абоненттерді бет әлпеті арқылы тіркеуді қолға алатынын хабарлаған болатынбыз.

«Ұялы байланыс қызметтері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 397-бабына сәйкес оператор мен абонент арасында жасалатын ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт абонентпен биометриялық деректерді (адамның бейнесін) негізінде көрсетіледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 10-бабына сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып шартқа қол қоюға жол беріледі», делінген бұйрық жобасында.

Сондай-ақ оқыңыз