Ғарыш мониторингі: 2022 жылы 2,4 млн гектар жер өртенген

Жарияланды

Фото: kursiv.media

2022 жылы орман және дала өрттерінің мониторингі бойынша 2,4 млн гектар жер өртенген. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің басшысы Баубек Оралмағамбетов айтты. 

Қазақстанның 2022 жылы ең көп өртенген өңірлері Шығыс Қазақстан, Қарағанды мен Павлодар облыстары екен. Шығыс Қазақстанда – 635 мың га, Қарағанды облысында – 492 мың га, Павлодар облысында – 223 мың га орман мен дала өртенген.

«Ғарыш мониторингі Төтенше жағдайлар министрлігі үшін су тасқыны жағдайында және орман және дала өрттері туындаған кезде уақтылы шешім қабылдау үшін ғарыштық мониторинг жүргізеді. Бұл тиісті мемлекеттік және аумақтық органдардың ТЖ мен оның салдарын одан әрі жою үшін жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде төтенше жағдайлардан келтірілген залал азаяды. Мониторингпен Қазақстан аумағының 272 млн га қамтылды», дейді Комитет басшысы.

Мониторингпен қамтылған жерлерде сонымен бірге судың жағдайы, жайылымдық жерлер мен заңсыз құрылыс нысандары, заңсыз ағаш кесужағдайлары мен жабайы қоқыс полигондары да бақыланып отырады. Мәселен, тек 2022 жылдың өзінде Қазақстан бойынша 5 683 рұқсат етілмеген қоқыс объектілері анықталған. Бұл ретте мониторинг  39 ірі елді мекен аумағында жүргізіліп, 25 млн га қамтылған. Облыстар арасында апатты үйінділердің ең көп саны Ақмола, Қарағанды, Түркістан облыстарында тіркелген. Ал қалалардың арасында ең көпАстана, Шымкент, Алматы қалаларында заңсыз қоқыс тасталады екен.

Ал жер пайдалану мониторингі бойынша – 1 млн га пайдаланылмайтын егістік жерлер, 817 мың га егістік жерлерді мақсатсыз пайдалану анықтал,ған.

«2020 жылдан бастап мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы барлық жерлерге аудит және жер кадастры ақпараттық жүйесімен салыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстанның барлық аумағында ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдаланудың ғарыштық мониторингі бірлесіп жүзеге асырылуда. Пайдаланылмайтын жайылымдық жерлер Алматы облысында – 1,3 млн. га, Ақтөбе облысында – 1,3 млн. га, Қарағанды облысында – 1,3 млн. га құрайды. Ал пайдаланылмайтын егістік жерлер Қостанай облысында – 277 мың га, Солтүстік Қазақстан облысында-126 мың га, Абай облысында – 90 мың га болды», дейді Баубек Оралмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыз