Қайрат Боранбаевтың ісі: аппеляциялық шағым қаралып жатыр

Жарияланды
Боранбаевқа қатысты сот үкімі шықты
Фото: Асқар Ахметуллин

Қайрат Боранбаевтың ісін апелляциялық сатыда қайта қарау туралы келісім шарттары талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қ.Боранбаев, Т.Жанұзақ және Р.Наханов Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының 2023 жылғы 31 наурыздағы үкімімен сотталған. Сот үкіміне сотталғандар мен олардың қорғаушыларынан апелляциялық шағым түсті. Апелляциялық саты шағымдардың дәлелін, сондай-ақ прокурор үкімнің күшін жою туралы өтінішхатты қарап, сот үкімінің күшін жойып, шағымды қарауға кірісті», делінген қалалық соттың басылымға берген жауабында.

Ресми жауапта айтылғандай, прокурор мен жәбірленушінің өкілі мәлімделген өтінішхатқа келісім берген.

«Істі қайта қарау басталғанға дейін Қ.Боранбаев және оның адвокаты, сондай-ақ басқа да сотталушылар мен олардың қорғаушылары іс жүргізу келісімін жасасу туралы өтінішхат жазды. Апелляциялық сатыдағы сот өтінішті қанағаттандырды, процеске қатысушыларға іс жүргізу келісімін жасасу үшін уақыт берілді», деп хабарлаған елорда соты.

Қазір іс жүргізу келісімінің шарттары талқыланып жатыр.

Еске сала кетсек, 31 наурызда сот үкімімен Қайрат Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен Қайрат Боранбаев және Роман Наханов қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі және 189-бабы 4-бөлігі, 218-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған.

Сондай-ақ оқыңыз