Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Zakon.kz сайты хабарлады.
«Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті Исахов Мақсұт Пернебайұлына қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 20 шілдесі сағат 01.07-ден 2023 жылдың 20 қыркүйегі сағат 01:07-ге дейін кепіл сомасын анықтаусыз ұзартты», – деді Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы талаптарына сай ашық жарияланбайтынын ескертті.