200 теңгелік банкноталар заңды күшін жойған жоқ – Ұлттық банк

Жарияланды

Фото: Ұлттық банк

Соңғы кезде номиналы 200 теңгелік банкноталардың қабылданбай жатқаны туралы өтініштер жиі түсе бастаған. Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі олардың заңды төлем құралы саналатынын әрі заңды күшін жоймағанан еске салады.

«Бұл банкноталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті. Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тарту – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке жетелейді,, делінген Банктің баспасөз хабарламасында.

Бұған қоса, Ұлттық Банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармағанын да хабарлайды. Банк айналымдағы 200 теңгелік банкоталар заңды күшін жоймағанын, әрі табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылатынын ескертеді. Тиісінше олар 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады.

Сондай-ақ оқыңыз