2022 жылы қазақстандықтар сұлулық салондарына 89,9 млрд теңге жұмсаған – Ұлттық статистика бюросы

Жарияланды
Фото: kursiv.media

2022 жылы косметологтар мен сұлулық салондары көрсеткен қызметтер көлемінің жалпы сомасы 89,9 млрд теңгені құраған. Бұл жайлы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Мәселен, өткен жылы әйелдерге көрсетілген шаштараз қызметінің көлемі 28,5 млрд теңгені құраған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,1 есе көп. Ал ерлер шаштараздары жалпы сомасы 10,6 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Бұл көрсеткіш те 2021 жылмен салыстырғанда 4,2 млрд теңгеге артық.

Ал тырнақ күтіміне халықтың жұмсаған қаражаты өткен жылы 22,2 млрд теңгені құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 10,4 млрд теңге болған. Сұлулық салондарындағы өзге қызметтер көлемі 2022 жылы 28,4 млрд теңгені құраған.

Бұл орайда шаштараз бен сұлулық салондарындағы қызмет бағасы 2023 жылдың маусымында қымбаттап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға өскен.

Сондай-ақ оқыңыз