28 шілде күні Алматы тауларында сел қаупі жоғары болады – ТЖМ

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Алматы тауларында сел қаупі жоғары болады. Бұл жайлы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«28 шілдеде Алматы қ.және оған іргелес таулы жерлерде кейде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады деп күтілуде», делінген баспасөз хабарламасында.

Алматы тауларындағы сео қаупіне байланысты ТЖМ туристер мен Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын сақ болуға шақырады.

«Таудағы жағдай туралы БАҚ хабарларын үнемі қадағалап отырыңыздар. Егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіздер. Демалуға тоқтамаңыздар және селге қауіпті каналдардың жанында, көл көпірлерінде, бөгеттерде лагерьлер құрмаңыздар», деп ескертеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сондай-ақ оқыңыз