Әскерге бармағандарға әскери билет қағаз күйінде емес, цифрлық нұсқада ұсынылады

Жарияланды
Фото shutterstock

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерге бармаған азаматтарға әскери билет онлайн форматта ұсынылатынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Мерзімді әскери міндетін өтемеген азаматтар әскери билеттерді комиссариаттарға барып алудан босатылады. Енді олар қағаз күйінде емес, цифрлық нұсқада ұсынылады. Бұл бюджет қаражатын үнемдейді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді. Мысалы, қазір әскерге бармағандар комиссариаттарға келіп, әскери билеттерін алып кетеді. Сонымен қатар, әскери билеттер жоғалған кезде оларға айыппұл салынады. Сондықтан біз аталған процестердің барлығын алып тастаймыз», – деді Дархан Ахмедиев.

Сондай-ақ оқыңыз