Кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, барлық мемлекеттік ұйымдарға мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, Есіл ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында астаналық мемлекеттік мекемелер міндетті түрде тендер өткізбестен таңдалған өнім берушілермен тікелей мемлекеттік сатып алу туралы 23 рет шарт жасасқан.
«Басқа жағдайда, мемлекеттік мекемелер әлеуетті қатысушылардың санын шектеп, жұмыстарды лоттарға бөлмей, олардың біртекті түрлері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарын заңсыз түрде күрделендіріп, нәтижесінде конкурсқа көрсетілетін қызметтердің нақты көлемін көрсетпей, сондай-ақ қаржы жылынан асатын мерзімге шарт жасасуға тырысты», делінген хабарламада.
Прокуратура органдары тарапынан қадағалау актілерінің арқасында мемлекет кірісіне 26 млн.теңге өндірілген. Сонымен өатар, жосықсыз мердігерлерге айыппұл салу бойынша әрекетсіздік фактілері анықталды.
«Енгізілген қадағалау актілерінің нәтижелері бойынша 3,9 млрд.теңгеден астам сомаға заңсыз мемлекеттік сатып алу қорытындылары жойылды», делінген ақпаратта.