Career Enbek платформасы жұмыс іздеушілердің біліктілігін бағалайды

Жарияланды
не работает сайт
Фото Shutterstock

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Career Enbek цифрлық платформасын әзірлеп жатыр. Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Career Enbek – бұл Ұлттық біліктілік жүйесінің барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылын, ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері, кәсіптік стандарттар, кәсіптер тізілімі және т. б. ҰБЖ базалық құралдары бойынша, еңбек нарығында мансапты дамыту бойынша ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін құрылатын ақпараттық жүйе.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Career Enbek-те пайдаланушыға кәсіптік біліктілікті танудың аккредиттелген орталықтарының тізімімен танысуға және таңдалған мамандық бойынша емтиханға жазылуға мүмкіндік беріледі. Платформа біліктілік пен дағдыларды бағалау мен тануды ұйымдастыру процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

«Career Enbek-те сала, қызмет түрі, кәсіптік стандарттың немесе кәсіптің атауы бойынша сүзгіден өткізілетін кәсіптік стандарттарды іздеу жүйесі жұмыс істейтін болады. Кәсіптер тізілімі, сондай-ақ жұмыс берушілердің кәсіптер мен дағдыларға қойылатын талаптарының базасы пайдаланушыға еңбек нарығында қандай кәсіптер мен дағдылар сұранысқа ие екенін білуге көмектеседі», делінген баспасөз хабарламасында.

Career Enbek ресми іске қосылғаннан кейін Enbek, Skills Enbek, Business Enbek және HR Enbek сияқты платформалармен қатар цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінде  орналастырылады.

Сондай-ақ оқыңыз