Facebook-тің бас компаниясы Meta Platforms акциялары 8%-ға қымбаттады

Жарияланды
Фото: Shutterstock

Facebook-тің бас компаниясы Meta Platforms акцияларының бағасы 25 шілдеден бері 8,28%-ға қымбаттады. Сәрсенбі күнгі сауда-саттық нәтижесінде қағаздар құны 1,39%-ға артып, постмаркеттегі өсімі 6,89%-ды құрап, 319,15 доларға жетті. Meta жасанды интеллектке басымдық беру нәтижесінде кірісін көбейтті.

FT мәліметтеріне сәйкес, компанияның екінші тоқсандағы кірісі 11%-ға өсіп, 32 миллиард долларға жеткен. Бұл сарапшылардың 31,03 миллиард доллар көлеміндегі болжамынан асып түсті. Сондай-ақ бұл көрсеткіш 2021 жылдан бергі кірістің алғаш рет екі таңбалы өсімге артқанын көрсетеді.

Ал екінші тоқсандағы таза кіріс 7,4 миллиард долларға өсуі болжаған консенсус болжамымен салыстырғанда 16 пайызға өсіп, 7,8 миллиард долларға жеткен.

Meta осы тоқсандағы кіріс 32-34,5 миллиард доллардың диапазонында болады деп күтеді. Бұл сарапшылардың 31,1 миллиард доллар болжамынан әлдеқайда жоғары.

Шығындарға келетін болсақ, ол 10%-ға өсіп, 22,6 миллиард долларды құраған. Оның ішінде 1,9 миллиард доллар сот шығындарына кетсе, 780 миллион доллар қайта құрылымдауға жұмсалған. Мамыр айында Метаға Еуропалық Одақ құпиялылықты бұзғаны үшін 1,2 миллиард доллар айыппұл салған.

Meta 2024 жылы да инфрақұрылым мен операциялық шығындар өседі деп болжайды. Өйткені ол Жасанды интеллект пен метағаламды қолдау үшін деректер орталықтары мен серверлерге инвестициялауды жалғастыра түспек.

Өз кезегінде Meta бас директоры Марк Цукерберг жаңа технологияларды пайдалану өз жемісін беріп жатқанын айтқан.

«Біз қабылдаған шешімдер негізінде инвестициялардың өз жемісін бере бастағанын көру – үлкен қуаныш», деп мәлімдеді ол.

Цукербергтің айтуынша, Meta чат-боттарды құруға күш салады. Өйткен олар компанияларға да, авторларға да пайдаланушылармен өзара әрекеттесуге, сондай-ақ жарнаманың өтімділігі мен еңбек өнімділігін арттыру үшін генеративті жасанды интеллектті қолдануға көмектеседі.

Цукерберг 100 миллион қолданушысы бар Threads жаңа әлеуметтік желісін Twitter-ге қолайлы балама деп атады. Оның айтуынша, өнімді «қысқа уақыт ішінде салыстырмалы түрде шағын команда» жасаған және қазір «басты назар пайдаланушыны ұстап қалуға және негізгі принциптерді жақсартуға бағытталған».

Instagram, WhatsApp және Quest қоса алғанда, барлық Meta қолданбаларында ай сайынғы белсенді пайдаланушылар маусым айының аяғында 6%-ға өсіп, жалпы қолданушылары 3,88 млрд-қа жеткен.

Еске сала кетсек, Twitter Meta компаниясын «ұрлық» жасады деп айыптады. Twitter заңгері Алекс Спиро Meta бас директоры Марк Цукербергке ресми хат жолдап, онда «Threads желісін құру кезінде Twitter-дің коммерциялық құпиялары мен басқа да зияткерлік меншігін жүйелі түрде және қаскүнемдікпен заңсыз иемденді», деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз