Жаңалықтар

Путин африкалық балаларға орыс тілін үйренуді ұсынды

Ресей президенті Владимир Путин Африкада орыс тілін үйренетін мектептер ашуды қарастыруды ұсынды. Ол бұл туралы Ресей-Африка экономикалық және гуманитарлық форумының пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Лента ру сайты.

Ресей басшысы орта және жоғары білім беруді дамытуға көмектесуге уәде берді. Оның айтуынша, Ресей Африка елдерінде орыс тілінде оқытуды ұйымдастыра алатын педагогикалық кадрларды даярлаумен айналысады.

«Орыс тілін үйренудің, еліміздің жоғары білім беру стандарттарын енгізудің осындай жобаларын іске асыру өзара тиімді тең құқылы ынтымақтастықты одан әрі дамытады», — деді Путин.

Ол сондай-ақ педагогикалық университеттерге Африкадан келген студенттерді қабылдауды арттыруға уәде берді.

Бұған дейін Путин Батысты Африка елдеріне астық жеткізуге кедергі жасады деп айыптаған. Оның айтуынша, батыс елдері астық пен тыңайтқыштарды жеткізуге кедергі келтіріп, Ресейді әлемдік азық-түлік дағдарысы үшін айыптайды.