Жаңалықтар

Терроризмге қарсы жаттығулар: Астанада 27-28 шілде күндері көлік қозғалысы шектеледі

Фото: kursiv.media

27-28 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығы Астанада жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығуларын өткізеді.

Іс-шара құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының лаңкестік әрекеттерге дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылады. Осыған байланысты Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Астана халқын үрей туғызбауға және жалған ақпарат таратпауға шақырды.

«Жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі. Жаттығу – әртүрлі күрделілік элементтері бар нақты ұрыс жағдайларына барынша жақын. Біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдардың тартылған қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз», деп ескертілген баспасөз хабарламасында.