Жауынгерлер арасындағы әлімжеттікті жасанды интеллект арқылы анықтау көзделуде

Жарияланды
Фото shutterstock
Фото: shutterstock

Жауынгерлер арасындағы әлімжеттікті анықтау және жою үшін Қарулы күштер жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бирифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.

Ол қалай жүзеге асады? Ахмадиевтің айтуынша, мерзімді қызмет сарбаздарының күнделікті қызметін жалпы бақылау үшін Қарулы күштерінде 50 мыңға жуық бейнебақылау камерасы бар. Бейнеаналитиканың заманауи технологиялары бейнематериалдың ауқымды көлемін өңдеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта бейнеаналитика жүйесін енгізуде. Бұл құқық бұзушылықтарды, жарғылық емес қатынастарды уақытында тоқтатуға, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін болдырмауға және бөлімді өз еркімен қалдыруға мүмкіндік береді.

«Бұл жүйе камераларды талдайды және оларда жоғарыда аталған оқиғалар анықталған жағдайда кезекші күштерді тек нақты бөлімде ғана емес, сонымен қатар жоғары тұрған жедел қызметтерде де жедел хабардар етеді», деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Жаңа жүйені сатып алуға қанша қаржы жұмсалады. Дархан Ахмедиев мұндай жаңа құрал-жабдықты сатып алу үшін бюджеттен 300 млн теңге бөлінетінін мәлімдеді. Пилотты режимде пдлатформа биылғы жылдың соңына дейін енгізіледі. Ал, 2024 жылы еліміздегі барлық әскери бөлімдерде орнатылатын болады.

5 мамыр күні өткен Бүкілармиялық кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтеруге баса мән беру қажет екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз