ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласында аса ірі көлемде жалған шетел валютасы мен есірткі заттарын сатумен айналысқан бір топ тұлғалардың заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Тінту кезінде жалпы құны 23 100 АҚШ долларын құрайтын жалған банкноттар, сонымен қатар жалпы салмағы 6 кг болатын оралған гашиш табылып, тәркіленген.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, Шымкенттің екі тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалған.