Алматыдағы «Автотрансгаз» компаниясы қалалық тасымалдау нарығындағы жұмысын тоқтатты

Жарияланды

Тұрғындардың шағымына байланысты «Автотрансгаз» компаниясы қалалық тасымалдау нарығындағы жұмысын тоқтатты. Бұл компанияның міндеттемесін орындамағаны үшін талап арыз берген Алматы әкімдігінің пайдасына шешкен сот талқылауларынан кейін орындалды.

Компанияның барлық маршрутында толық қызмет көрсетілмеді. Жолаушылар тасымалдау сапасының нашарлығына, автобустардың жай-күйіне және жиі бұзылуына шағымданды. Бұл ретте, әкімдік субсидиялар төлеу жөніндегі барлық міндеттемені толықтай орындады.

Жұмыс күні маршруттардың тоқтауын болдырмау үшін компания қызмет еткен сегіз маршрут басқа тасымалдаушыларға беріледі.

Биыл газбен жүретін 600 автобус сатып алу жоспарланған, оның 100-і жақын арада пайдалануға беріледі. Қалған автобустар жыл соңына дейін келеді. Жаңа автобустардың келуіне қарай қаланың ең көп жүретін маршруттарын жаңарту және автобус санын көбейту көзделген.

Сондай-ақ оқыңыз