Ozon акциялары 31 шілдеден бастап AIX биржасында саудаға шығарылады
Ozon компаниясының Американдық депозитарлық акциялары, 28 шілде күні Астана халықаралық биржасында (AIX) сауда-саттыққа жіберілді. Қағаздар сауда-саттығы 31 шілдеде басталады. Компания AIX листингісіне байланысты жаңа акциялар немесе бағалы қағаздар шығармайды, бұрын алаңға шығарылғандар биржа айналымына жіберіледі
AIX листингі Мәскеу биржасындағы сауда-саттыққа әсер етпейді. Олар әдеттегі уақытта жалғасады. Компания сондай-ақ NASDAQ делистинг туралы шешіміне шағымдану процесінде.
Соңғы жылда Қазақстандық кәсіпкерлердің алаңдағы саудасы сегіз есеге өсті. Бүгінде маркетплейспен 15 мыңнан астам жергілікті сатушылар жұмыс істейді. АІХ-ке шығу ол – біздің инвесторлардың мүдделерін қорғау үшін маңызды шара. Сондай-ақ Республикадағы біздің қатысуымызды кеңейтудің келесі қадамы«, – деп атап өтті Ozon
Бұдан бұрын америкалық Nasdaq биржасы Ozon акциялары 2023 жылдың 24-наурызынан бастап тізілімнен шығарылатынын хабарлаған болатын. Компания биржаның бұл шешіміне шағым түсіргенімен, Nasdaq жанындағы комиссия бұл өтінішті қараудан бас тартқан. Ozon аппелициялық шағым түсірді, ол шілде айында қаралып, шешім шығарылады деп күтілуде.
Ozon Қазақстан нарығында 2021 жылдан бері жұмыс істейді. Бұған дейін, аталған компания Алматы облысының Қарасай ауданында Қазақстандағы ең ірілогистикалық кешенін құрылысын бастағаны хабарларнған еді. 42 мың шаршы метрді құрайтын кешен құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Тартылатын инвестиция көлемі 15 млрд теңгені құрайды.
Ozon коммпаниясының негізгі құрылтайшылары АФК «Система» (31,76%) «Восток Инвестиции» (27,75%) холдингі, қалған акциялары еркін айналымда.