Жаңалықтар

«Роскосмос» «Бәйтерек» ғарыш кешенінен ұшу сынақтарын 2025 жылға шегерді

Фото: архив kursiv.media

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінен ұшу сынақтарының басталуы 2023 жылдан 2025 жылға ауыстырылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Үкімет қаулысының жобасын жариялады.

Бұл Хаттама өз кезегінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Юрий Борисовпен «Бәйтерек» жобасын іске асыру мәселелері бойынша кездесуіндегі хаттамаға негізделген.

Оған сәйкес, 2027 жылға дейін «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінен «Союз-5» тасымалдағыш зымыранының кемінде үш сынақ ұшыру жүзеге асырылады. Сонымен қатар:

«2028 жылдан бастап 2039 жылғы аралық кезеңінде саны жылына кемінде екі ұшырып «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінен «Союз-5» тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал модификацияларымен ғарыш аппараттарын орбиталарға шығару бойынша тапсырыстарды орналастыруды қамтамасыз етеді», делінген құжат жобасында.

Сонымен қатар құжатта, Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорынына қосымша құнға және және резидент емес үшін қосылған құнға нөлдiк ставка бойынша салық салынатыны айтылған. Бұған қоса:

«Бiрлескен кәсiпорынды осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген жұмыстарды орындаудан (қызметтердi көрсетуден) алынатын кiрiстер бойынша корпоративтiк табыс салығын төлеуден «Зенит-М» ғарыштық зымыран кешені жалға беруден шығарылған күннен бастап және мемлекеттiк қабылдау комиссиясы «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн пайдалануға қабылдаған күннен бастап 15 жыл өткенге дейін босату», қарастырылған.