Toyota-ның әлемдік сатылымы осы жылдың алты айында 5,1%-ға өскен. Бұл аралықта 4,9 млн көлік сатылған.
Жұма күні Toyota Motor компаниясы жартылай өткізгіштерді жеткізу тізбегінің жақсаруы мен Жапониядағы сұраныстың артуына байланысты 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында автокөлік сатылымының 5,1%-ға өскенін хабарлады.
Осы жылдың алты айыгда компания бүкіл әлем бойынша 4,9 миллионға жуық көлік сатқан. Ол көліктердің ішінде Lexus маркалы лбкс көліктер де бар. Ал 2022 жылы әлем бойынша 4,7 миллион көлік сатылған.
Компания сонымен бірге Жапонияда да Toyota сатылымының өскенін мәлімдеді. Өз отанында бұл көліктердің 878 215 данасы сатылып, көрсеткіш 33,2%-ға өскен. Ал АҚШ-тағы сатылымдар 0,7%-ға азайған. Бұл елде 1 миллионнан астам көлік сатылған. Сонымен бірге Азияда да көрсеткіштер 0,5 пайызға төмендеп, 1,5 миллион данаға дейін жеткен.