АҚШ президенті Джо Байден Тайваньға қорғаныс саласы үшін 345 миллион долларға дейін көмек көрсетуді бұйырды, деп хабарлайды Ақ үй.
«Мен мемлекеттік хатшыға өкілеттік беремін (…) Қорғаныс министрлігі желісі бойынша қорғаныс құралдары мен қызметтеріне, сондай-ақ Тайваньға көмек көрсету мақсатында әскери дайындыққа 345 миллион долларға дейін қаражат бөлу туралы бұйырамын», – делінген Ақ үйдің сайтында жарияланған Байден меморандумында.
Тайвань мәселесі
Тайвань мәселесі 1949 жылы пайда болды. Яғни Қытай Халық Республикасының Қытай Гоминдан партиясының бір бөлігі Тайвань аралына қоныстанып, аралды Тайваньдағы Қытай Республикасы деп атаған кезде пайда болды.