Twitter иесі Илон Маск көптеген компаниялар «қаладан кеткеніне » қарамастан, компанияның штаб-пәтері Сан-Францискода қалады деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Сан-Франциско, әдемі Сан-Франциско! Көбісі сені тастап кетсе де, біз әрқашан сенің досың боламыз», – деп жазды Маск Twitter-де.
Ол X деп өзгертілген Twitter «қаладан бірінен соң бірі кетіп қалған немесе оны тастап кеткен» басқа компаниялардың басшылығымен жүрмейтінін түсіндірді. «Оларда Twitter-де кетеді деп күтеді. Біз мұны істемейміз», – деді Макс.