Жаңалықтар

Қытайда АҚШ-тың Тайваньға әскери көмегіне байланысты пікір білдірді

Тайвань
Фото: hromadske.ua

Қытайда АҚШ-тың Тайваньға әскери көмегі оның аралды біріктіруге деген ұмтылысына кедергі келтірмейтінің мәлімдеді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Ақ үй Тайбэйге 345 миллион долларлық әскери көмек пакетін жариялағаннан кейін Қытай Америка Құрама Штаттарын Тайваньды «оқ-дәрі қоймасына» айналдырды деп айыптады.

Сенбі күні кешке Қытайдағы Тайвань істері басқармасы Қытай өз аумағы деп санайтын аралға әскери көмек көрсетуге қарсы мәлімдеме жасады.

«Олардың әрекеттері Тайваньды оқ — дәрі қоймасына айналдырып, Тайвань бұғазындағы соғыс қаупін күшейтті», – делінген хабарламада.

Жексенбіде Тайвань Ұлттық Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Аралдың маңында Қытай Әскери-теңіз күштерінің алты кемесін көрді.

Демократиялық партия басқаратын Аралдың басқарушы әкімшілігі Қытай шапқыншылығын тежеу стратегиясының бөлігі ретінде АҚШ-та қару-жарақ сатып алуды көбейтті.