Түнде Мәскеуге дрондар шабуыл жасады. «Мәскеу-Сити» мұнаралары зақымданды

Жарияланды
Москва-сити
Фото: Pixabay.com

30 шілдеге қараған түні Мәскеу мен Мәскеу облысына дрондар шабуыл жасады. Билік кез-келген әуе кемелерінің ауада болуына уақытша шектеу қойды, деп хабарлайды ТАСС төтенше жағдайларға сілтеме жасап.

Мәскеудегі Внуково әуежайы таңертең жабылды. Сондай-ақ, рейстер басқа әуежайларға бағытталды.

Онлайн-табло деректері бойынша, түнгі және таңертеңгі кешіктірілген рейстер — атап айтқанда Сочи, Стамбул, Тбилиси жұмысын қайта бастады.

Домодедово мен Шереметьево штаттық режимде жұмысын жалғастырды.

Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің айтуынша, түнде қалаға украиналық дрондар шабуыл жасаған.

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, шабуылға үш дрон қатысты: олардың бірі Мәскеу облысының Одинцов ауданының үстінде ауада жойылды, қалған екеуі электронды соғыс құралдарымен тоқтатылды, Дрондар Мәскеу қаласында құлады.

Шабуылдан Мәскеу қаласындағы Око-2 мұнарасындағы жарылыс салдарынан бір адам жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыз