Жаңалықтар

Түркияда қазақстандық туристер отырған автобус апатқа ұшырады

авария Турция
Фото: Ntv.com

Түркияның Аланья Анталия аймағында туристік автобус жүк көлігімен соқтығысып, екі адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды NTV түрік басылымы.

Апат жағдайы. Қазақстандық туристерді Окурджалар Махаллеси тас жолымен тасымалдаған экскурсиялық шағын автобус бағдаршамда жүк көлігіне соқтығысты.

Оқиға орнына полиция мен дәрігерлер келді. Басылымның хабарлауынша, туристік автобус жүргізушісі мен украиналық гид қаза тапты.

Қанша адам зардап шекті. Алты турист ауыр жарақат алды, барлығы Алания мен Манавгат аудандарындағы ауруханаларға туристік автобустың 12 жолаушысы жеткізілді.

Жүк көлігінің жүргізушісі жауап алу үшін жандармерия бөлімшесіне жеткізілді.