Құны 1 млрд теңгеден асатын жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Жарияланды
Фото: Астана прокуратурасы

Құны 1 млрд теңгеден асатын жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Елорда прокуратурасы мемлекет пайдасына шығарылған сот актілерінің орындалуына талдау жасады. Прокурорлық қадағалау актісін енгізу нәтижесімен сотталғанға тиесілі жалпы бағасы 1 млрд 62 млн теңге құрайтын 5 жер учаскелерін өндіру арқылы келтірілген шығын мемлекет пайдасына өтелді», делінген баспасөз хабарламасында.

Осылайша, прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде қылмыс жолымен табылған сотталғанның мүлкін мемлекет пайдасына өндіру арқылы сот үкімі орындалған.

.

Сондай-ақ оқыңыз