Жаңалықтар

Қазақстан Ұлттық банкі алтын қорын 55%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр – Bloomberg

Фото: архив kursiv.media

Қазақстанның Орталық Банкі портфеліндегі бағалы металлдың үлесін 34,5 миллиард доллар көлеміндегі резервінің жартысына дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg басылымы жазды.
Ақпарат құралының дерегінше, Қазақстан қорлардағы металдың үлесін «оңтайлы» деңгейге дейін 50-55% – ға дейін төмендету мақсатында шетелге шамамен биылғы алты айда 67 тонна алтын сатқан. Қазір еліміздегі алтын қоры 314 тоннаның айналасында болса, 2023 жылдың соңына қарай 300 тоннаға дейін азайту жоспарланып отыр. Ұлттық банктің басылымға берген дерегінше, маусым айындағ алтынның жалпы портфельдегі үлесі шамамен 56% құрайды.

«Өткен жылы сыртқы нарықтарда алтынның «біртіндеп» сатылымы шамамен 120 тоннаға жетті, бұл резервтерді «әртараптандыру және теңгерімді бөлу мақсатында» шамамен 7 миллиард доллар әкелді», делінген Ұлттық банктің басылымға берген жауабында.

Осылайша, ҚРҰБ құймалардан бас тарту арқылы «сыртқы нарықтардағы жоғары өтімді құралдарға инвестицияланған резервтердің валюталық бөлігін толықтыруға» мүмкіндік алып отыр. Сонымен қатар, ҰБ металлды «шетелдік шоттарда бөлінбеген түрде сақтайды және оны пайыздық алтын депозиттеріне орналастырады».

Басылымның жазуынша Орталық Азиядағы ең ірі энергия өндіруші ел ретінде Қазақстанда алтынның резервтердегі үлесі өткен жылы 70% – ға жақындағанын жазыпты.

Ұлттық банктің басылымға берген жауабында елімізде алтын құймалардың тиісті үлесін «өтімділікке, кірістілікке және орташа тәуекел деңгейіне қойылатын талаптарды ескере отырып» анықтайтыны», айтылған.

Айта кету керек. алтын бағасы АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі жүргізетін ақша – несие саясатына аса сезімтал. Ақпаратқа сәйкес, «қосымша сыртқы күйзелістер болмаған жағдайда, ФРЖ ақша-несие саясатын жеңілдеткен жағдайда, ол алтын бағасына қолдау болуы мүмкін».
Сонымен қатар, Ұлттық банк бірінші жарты жылдықта ішкі нарыққа 0,7 тонна алтын құйма сатты, бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда біршама көп.

Жалпы, Қазақстан Ұлттық банкінің бағалы металлды сату туралы саясаты көптеген елдердің алтын қорына қатысты ұстанатын саясатынан біршама ерекшеленіп тұр. Өйткені WGC дереіне сілтеме жасап, басылымның жазуынша, Дүние жүзіндегі орталық банктер наурыз бен мамыр айлары аралығында таза сатып алушылар болған. Өйткені алтын экономика үшін тәуекелі мол кезеңде инфляциядан қорғау құралы ретінде қарастырылады.

Айта кету керек Ұлттық банк алтынды бағалы металлдың құны шарықтап тұрған кезде сатылымға шығарған. Мамыр айының басында алтын 2020 жылдан бергі рекордты жаңартып, бір унция үшін 2075,47 долларға жеткен еді.
Қазақстанның Ұлттық банкі елдің халықаралық резервтерінен басқа, құны 60 миллиард доллар тұратын Ұлттық қордың активтерін басқарады, мұнда портфельдің 4,9%-ы немесе 40 тоннаға жуық алтын бар.
Ұлтттық банк хабарлауынша, екінші жартыжылдықта Алтынды одан әрі шетелге сату бөлінбеген шоттардан және нарықтық жағдайларға байланысты опциондық стратегияларды пайдалана отырып жоспарланады.
2023 жылдың аяғында қордағы алтынның үлесі оның бағасынан бастап отандық өндірушілерден сатып алу көлеміне дейінгі әртүрлі факторларға байланысты болады.