Екі ай ішінде Қазақстанның халықаралық резервтері 8,37% қысқарды

Жарияланды
Фото: архив kursiv.media

Маусым айының қорытындысы бойынша еліміздің жалпы халықаралық резервтері 34,5 млрд долларды құрады. Бұл көрсетркіш мамыр айының соңындағы мәннен 2,79%-ға төмен. Ал, сәуірге қарағанда мамыр айында қысқару 5,75%-ды құраған болатын.

Ал, биылғы жарты жылдықта жалпы халықаралық резервтер ақпан айында көп қысқарған, 6,17%-ды құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған статистикада көрсетіліпті.

Фото: Ұлттық банк

Биылғы жарты жылдықта Қазақстанның халықаралық резервтері 1,77% қысқарды. Валютада еркін конвертацияланатын активтер маусым айында 1,49%-ға 15,26 млрд долларға дейін азайған. Ал, мамыр айында 10,25% азайыпты.

Дегенмен жыл басынан бері көрсеткіш 4,69%-ға өскен.

Ал, Ұлттық банктің алтын резервтері маусым айының қорытындысы бойынша 19,19 млрд долларға бағаланыпты. Бұл мамыр айының соңындағы мәннен 3,8%-ға төмен. Ал, жыл басынан бері 6,36%-ға қысқарған. Ең көп қысқару ақпан айына тиесілі, 8,49%.

Ұлттық банктің алтын-валюта қорларына жатпайтын Ұлттық қордың активтері маусым айының қорытындысы бойынша 59,8 млрд долларды құрады, бұл мамыр айындағы көрсеткіштен 0,97%, өткен жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштен 7,27%-ға көп.

Еске сала кетейік, бұған дейін, Ұлттық банк алтын қорларын 55%-ға дейін қысқартуды жоспарлап отырғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз