Ғалымжан Есенов «First Heartland Securities» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына енді
First Heartland Securities» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді, деп хабарлайды KASE.
«Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «First Heartland Securities» АҚ (Алматы) акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылдың 26 шілдесіндегі шешімімен Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Катсу Шигео шығарылып, сайланды Есенов Г.Ш. сайланды», делінген хабарламада.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, «First Heartland Securities» АҚ Директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады. Олар – Г.Ш.Есенов, Р.Н.Хамзин, Ж.К.Әзбеков, Д.И.Қабылбаев.
«Курсив» Назарбаев қорымен байланыстырылып келген Jusan Bankтің Ғалымжан Есеновтің иелігіне өтетінін жазған болатын. «First Heartland Securities» АҚ иесі британдық «Jusan Technologies» компаниясы екендігі айтылған. Ал Акционерлер реестрінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес, Jusan Bank яғни «First Heartland Jusan Bank» АҚ акционерлері «First Heartland Securities» АҚ (78,23%) мен Ғалымжан Есенов (19,67%) деп көрсетілген.