Жаңалықтар

Өзбекстан Шардараға су ағынын екі есе арттырады

Шантара

Өзбек тарапымен Шардара су қоймасына су ағынын 200 м3/сек дейін ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

«Биыл 28 шілдедегі жағдай бойынша сағат 7:30-дан (Ташкент уақыты бойынша) «Достық» бас құрылысынан Сырдария өзенінің тұсына су ағызу көлемі 20 м3/сек жүзеге асырылады. Суды ағызу «Ақжар» гидропостына («Бахри Точик» су қоймасына ағын) ағынның ұлғаюы және тиісінше су қоймасынан ағынның ұлғаюы есебінен жүзеге асырылады»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар өзбек тарапы «Достық» бас құрылысынан Сырдария өзенінің тұсына ағызылатын су шығынын 50 м3/сек дейін жеткізуге ниетті.

Сонымен қатар, сол күні Чарвак су қоймасынан (Газалкент ГЭС) өткен күнмен салыстырғанда (ағымдағы жылдың 27 шілдесі) су жіберу 290 м3/сек-тен 310 м3/сек дейін ұлғайтылды.

Алайда, бұл су көлемі Сырдария өзенінің бөгетінде су ағызуды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз және Чирчик өзенінің бассейнінде суару қажеттілігі үшін су шаруашылығы арналары арқылы жіберіледі.